Нұр Мүбәрак университетінің медресесінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қаражаттың кемдігі мен жұмысқа қажетті материалдардың жетіспеушілігі игі істі кешеуілдетіп тұр. Әбу һурайрадан Мүслім жеткізген мына бір хадисте былай делінеді: «Адам баласы қайтыс болса, оның үш нәрседен басқа амалдары тоқтайды: үздіксіз садақа (ел игілігіне мешіт, мектеп, жол, көпір, т.б. салу), көпке пайдасы тиетін білім (кітап, т.с.с.) және артынан дұға қылатын игі ұрпақ». Ұстаздар үйінің құрылыс жұмыстарына өзінің үзік те, үлкен де болсын үлесін қосам деушілеріңіз болса, көмегіңізді қуана қабыл етеміз.