ҚҰРЫЛЫСҚА КӨМЕГІҢІЗ ҚАЖЕТ
«Нұр Мүбәрак» университеті жанындағы медресе ұстаздарына арналған үйдің құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Көптің көрсеткен көмегімен бой көтеріп жатқан ғимараттың іргесі қаланып, бүгінде бірқатар жұмыстары аяқталды. Бір әттең-айы, қаражаттың кемдігі мен жұмысқа қажетті материалдардың жетіспеушілігі игі істі кешеуілдетіп тұр. Аталған мәселелер оңтайлы шешімін тапқан жағдайда жұмысымыз одан әрі жанданып, әсем нысанамыз әп-сәтте-ақ қолданысқа берілмек.
Әбу һурайрадан Мүслім жеткізген мына бір хадисте былай делінеді: «Адам баласы қайтыс болса, оның үш нәрседен басқа амалдары тоқтайды: үздіксіз садақа (ел игілігіне мешіт, мектеп, жол, көпір, т.б. салу), көпке пайдасы тиетін білім (кітап, т.с.с.) және артынан дұға қылатын игі ұрпақ». Осы ретте, ұстаздар үйінің құрылыс жұмыстарына өзінің үзік те, үлкен де болсын үлесін қосам деушілеріңіз болса, көмегіңізді қуана қабыл етеміз. Жақсылыққа жанашыр, жомарт жандардың жәрдеміне жүгінеміз, жамағат. Жоғарыдағы хадисте айтылған алғашқы амалға амал етем деуші жүрегі Алла деп соққан абзал азаматтар қолдан келер көмегін аямас деп сенеміз. Сіздің қолыңызбен үй шатырына қағылған бір шегені — шаңның тозаңындай-ақ деп шағынсынбаймыз, сіз әперген бір қапшық болсын құм-қоспаңызды да кем көрмейміз. Бастысы, ізгі ниетіңізді бағалаймыз, шамаңыз жетіп, ұсынған көмегіңіздің сауабы тисін деп тілейміз. Ардақты Пайғамбарымыздан (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) жеткен мынадай хадис және бар: «Садақа дәулетті азайтпайды. Алла Тағала кешірімді болған пендесінің абыройын арттырып, Жаратушысының разылығы үшін кішіпейіл болғанның дәрежесін көтереді». Сіз берген садақаның сыйы ақыретіңізге азық болатынын ұмытпайық, ағайын!
Төменде құрылыс жұмыстарына қажетті материалдардың тізімін жарияладық, бауырлар. Көмекті қаржылай көрсетемін десеңіз де, өз еркіңіз.
1. Гипсокартон қағазы 12,5 – 1 183 шаршы метр — 386 841 теңге (1 ш.м – 327 тг)
2. Гипсокартон қағазы 9,5 – 252 шаршы метр – 71 568 теңге (1 ш.м – 284 тг)
3. Селдір мата (серпянка момент) – 2965 пм – 14 825 теңге (1 пм – 5 тг)
4. Тығындау материалдары (шпаклевочные материалы)
1 мм*2 – 793 кг – 60 268 теңге (1 кг — 76 тг)
2,1 мм*2 – 1948 кг – 148 048 теңге (1 кг — 76 тг)
5. FINISH (Финиш) м2, 1 мм – 1314 кг – 114 318 теңге (1 кг – 87 тг)
6. Бөлмеаралық есіктер – 21 дана – 252 000 теңге (1 дана — 12 000 тг)
7. Сыртқы есік — 2 дана – 90 000 теңге (1 дана — 45 000 тг)
8. Терезе 1500*1500 – 25 дана – 397 500 теңге (1 дана – 15900 тг)
9. Терезе 600*400 – 5 дана — ***
10. Мәрмәр тас қиыршықтары (мраморна крошка) – 447 кг – 4470 теңге (1 кг – 10 теңге)
11. Сылаққа арналған тор (штукатурная сетка) 447 кв.м – 129 630 теңге (1 кв.м – 290 тг)
12. Сырлы кірпіш желімі (клей кафельный) 25 кг 8м2 – 1398 кг – 47 532 теңге (1 кг – 34 тг)
13. Ас үйге арналған есік – 1 дана – 15 000 теңге
АО Казкоммерцбанк
KZ17926180219J733004
тел: +7 701 176 3666 Асқар
http://www.tamshy.kz/?p=1763